Биыл Жетісуда жаңартылған энергия көздерінің 4 жобасы іске қосылады

Нұрлан Жұмахан 28 сәу. 2024 16:18 1756

Биыл Жетісу облысында жаңартылған энергия көздерін дамыту бағытында  құны 21,6 млрд теңге болатын 4 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олар Көксу, Ескелді және Сарқан аудандарында іске асырылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, аймақ көлемінде электр энергиясының белгіленген қуаты 234,5 МВт, яғни жаңартылған энергия көздерінен – 210,5 МВт, Текелі қаласының ЖЭО – 24 МВт.

Мәселен, өткен жылы электр энергиясын тұтыну 1,9 млрд кВт*сағатты құраса, соның ішінде электр энергиясының жергілікті өндірісі – 630,5 млн кВт*сағ болған, ал 1,3 млрд кВт*сағат басқалардан сатып алынды.

Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерінен өндірген электр энергиясының көлемі 472,6 млн кВт*сағ немесе өз өндірісіміздің 75% үлесін құрайды. 

– Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді. Олар Ақсу, Ескелді, Сарқан, Алакөл аудандары мен Текелі қаласында орналасқан. Сол сияқты биыл осы бағыттағы 4 жобаны аяқтау көзделіп отыр. Атап айтқанда, Көксу ауданында 7 МВт-тық 1 ГЭС , Ескелді ауданында қуаты 26 МВт 1 ГЭС  және Сарқан ауданында жалпы қуаты 13,1 МВт 2 ГЭС  салынуда.  Олардың белгіленген қуаты 46,1 МВт, жалпы құны 21,6 млрд теңге, – делінген басқарманың хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар