Жамбыл облысында қатты дауылдан бірнеше әлеуметтік нысан қираған

Dalanews 22 ақп. 2026 12:42

Жамбыл облысында болған күшті жел бірқатар елді мекендерге зиянын тигізді. Әсіресе Т. Рысқұлов ауданы аумағында екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен дауыл әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып, инфрақұрылымға зақым келтірді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Алдын ала мәліметке сәйкес, жеті елді мекенде жалпы саны 29 нысанның шатыры бүлінген. Оның ішінде 10-ы – мектептер мен басқа да әлеуметтік маңызы бар ғимараттар. Қатты жел салдарынан 19 елді мекенде электр жарығы өшіп, 7 ауылда газ құбырының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Абырой болғанда, табиғи апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелмеген.

Қазір аймақта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Электр және газ желілерін жөндеу үшін арнайы бригадалар жұмылдырылған. Мамандар бірінші кезекте жарық пен газды толық қалпына келтіруді, сондай-ақ бүлінген нысандарды қауіпсіз жағдайға келтіруді қолға алған. Залал көлемі нақтыланып жатыр.

Жергілікті билік жағдайды бақылауға алып, әлеуметтік нысандардың жұмысын қалыпқа келтіруді жеделдетуге уәде берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove