Жұлдыздар не дейді: 4 ақпанға арналған болжам

Қаракөз Амантай 04 ақп. 2026 07:00

Аспан әлеміндегі жұлдыздар көп жағдайда ишара беріп, сабыр сақтауға немесе батыл қадам жасауға үндейді. Нзарларыңызға бүгінгі күнге арналған жорамалды ұсынамыз.

Тоқты

Бүгін бастамаға толы күн. Бұрын ойда жүрген істі қолға алуға қолайлы уақыт туады. Асығыстық жасамаңыз, сабыр - сәттіліктің кілті.

Торпақ

Тұрмыстық және қаржылай мәселелер назарда болады. Ұсақ-түйекке мән берсеңіз, үлкен қателіктен сақтанасыз. Жақын адамыңыздан пайдалы кеңес естуіңіз мүмкін.

Егіздер

Күн қарбаласқа толы. Ақпарат көп, бірақ бәрін бірдей қабылдай бермеңіз. Сөзіңіз бен уәдеңізге сақ болған жөн.

Шаян

Ішкі түйсігіңіз күшейеді. Жүрекпен қабылдаған шешіміңіз дұрыс болып шығады. Отбасы мен жақындар арасында жылы әңгіме болуы мүмкін.

Арыстан

Өзіңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Еңбегіңіз еленуі мүмкін, бірақ тәкаппарлыққа жол бермеңіз. Қарапайымдылық абырой әкеледі.

Бикеш

Ұқыптылық пен тәртіпті қажет ететін күн. Жоспармен жұмыс істесеңіз, көп шаруаны тындырасыз. Денсаулыққа да көңіл бөлген дұрыс.

Таразы

Таңдау жасауға тура келеді. Ұзақ ойланғаннан гөрі, әділдік пен ар-ұятты басшылыққа алыңыз. Кешкі уақыт тыныш өтеді.

Сарышаян

Көңіл күй құбылмалы болуы мүмкін. Артық сөзден, орынсыз әңгімеден аулақ болғаныңыз жөн. Сабыр сақтасаңыз, күн сәтті аяқталады.

Мерген

Жаңа ой, тың ұсыныс тууы ықтимал. Сапар немесе жоспардан тыс кездесу болуы мүмкін. Еркін ойлап, батыл әрекет етіңіз.

Тауешкі

Жауапкершілік артатын күн. Жұмыста жинақылық танытсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді. Беделіңіз нығая түседі.

Суқұйғыш

Күтпеген жаңалық естуіңіз мүмкін. Достармен байланыс күшейеді. Асығыс шешімнен сақтаныңыз.

Балықтар

Рухани тыныштыққа ұмтылатын күн. Өзіңізбен оңаша қалу, ой түю пайдалы. Шығармашылыққа шабыт оянады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove