Ресейлік БАҚ мәліметінше, танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров енді Ресей аумағына 50 жыл бойы кіре алмайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шектеу енгізілуіне көші-қон және салық заңнамасын бұзуы, сондай-ақ оның "арнайы әскери операцияға" қатысты айтқан пікірлері себеп болғаны айтылып жатыр.
Бұған дейін Сабуров Ресейде рұқсат етілген мерзімнен артық қалып, айыппұл төлеген. 2024–2025 жылдары оның Ресейдің бірнеше қаласындағы концерттері даулы мәлімдемелеріне байланысты бірнеше рет тоқтатылған. Ақпарат көздеріне сүйенсек, қазіргі уақытта әзілкештің Дубайға қайта оралуына қаражаты жоқ.
