Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақырды

Қаракөз Амантай 20 нау. 2024 11:15 1320

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 24-25 сәуір күндері Астанадағы президенттік орталықта өтеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар