Украинаның қауіпсіздік қызметі Зеленскийге қастандық жасалмақ болғанын мәлімдеді

Сағыныш Сардарова 08 мам. 2024 11:40 4305

Украинаның қауіпсіздік қызметі Украина президенті Владимир Зеленскийге және елдің басқа да жоғары әскери-саяси басшылығының өкілдеріне қастандық жасамақ болғандардың әрекетіне тосқауыл қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Украинская правда" деректеріне сүйенсек, Украинаның Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі мемлекетке опасыздық жасап, лаңкестік шабуыл ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

"Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде қылмыстық әрекеттің дәлелі болатын заттар мен құжаттар табылған. Ұсталғандардың екеуі де қамауға алынды", - деп жазылған мәліметте.

УКҚ

Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюктің айтуынша, шабуыл "Путинге инаугурацияға сыйлық" болуы керек еді.

Киев Ресей бірнеше рет Украина президентінің көзін жоюға тырысқанын мәлімдеп отыр. Зеленскийден бөлек Украина Қауіпсіздік қызметі басшысы Василий Малюкті, Бас барлау басқармасы басшысы Кирилл Будановты және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларды жою жоспарлағаны айтылды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар