Алматы облысында бір отбасының төрт адамы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Сағыныш Сардарова04 февр. 2026 16:46
Алматы облысында бір отбасының төрт адамы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2 ақпанда Райымбек ауылдық округі әкімдігінен Райымбек ауданы Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығы аумағында болған оқиға туралы ақпарат түскен.
"Жеке тұрғын үйден туыстары төрт адамның мәйітін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ, Полиция департаментінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар барған.