Астана әуежайында ауа райына байланысты 12 рейс кешігіп жатыр

Қаракөз Амантай 06 февр. 2026 15:14

Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар рейс кешігіп жатыр. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі дерек бойынша, 10 рейс қонуға, ал екі рейс ұшып шығуға кешігіп жатыр. Оның негізгі себебі – күрделі метеожағдай.

Бүгін әуежайдан 79 рейс ұшып шығуы және 78 рейс келуі жоспарланған. Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейс мәртебесін әуе тасымалдаушылардан нақтылап, онлайн-табло арқылы жаңартуларын бақылап отыруға кеңес береді.

Қазіргі уақытта әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove