20 млн теңге шығын: 32 тұтынушыны алдаған күдікті ұсталды

Самал Асқар 26 ақп. 2026 13:21

Қарағандылық 26 жастағы азамат 32 тұтынушыны алдап, 20 млн теңге иемденді деген күдікпен Маңғыстау облысында қолға түсті, деп хабарлайды Dala news.

Полицияның мәліметінше, ол өзін терезе орнату шебері ретінде таныстырып, қызмет көрсету үшін алдын ала төлем алған. Алайда ақшаны алған соң тапсырыстарды орындамай, байланысқа шықпай кеткен.

Күдікті Маңғыстау облысындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталған. Оған қатысты 32 алаяқтық дерегі бір қылмыстық іске біріктірілген. Жалпы шығын көлемі 20 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қызметке алдын ала төлем жасамас бұрын орындаушының беделі мен құжаттарын мұқият тексеруге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove