Садыр Жапаров бұл жағдайды трагедия ретінде қабылдамауға шақырды.
"Ештеңе болмайды. Бұл мәселені трагедияға айналдырудың қажеті жоқ. Бұрынғыдан да жақсы болады. Өмір тоқтап қалмайды. Бір дос кетсе, артымда 7 миллионнан аса досым бар. Мен үшін ең қымбаты - халық пен қасиетті мемлекетіміз", - деді Жапаров.
Қырғызстан президентінің сөзінше, ел экономикасының өсу қарқыны арта береді, ал ішкі және сыртқы саясат бұрынғы бағытта жалғасады.
Сондай-ақ, ол халықтың тыныштығын бұзған кез келген адам қатаң жазаға тартылатынын ескертті.
Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды.
