Қазақстанда дәрі қымбаттап жатқаны туралы ақпарат тарады

Сағыныш Сардарова 26 ақп. 2026 13:06

Қазақстанда дәрі қымбаттап жатқаны туралы ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдан бері елімізде дәрі бағасын мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі іске асырылып жатыр. Қазір 4994 дәріге шекті баға бекітілген.

"Рецептісіз берілетін 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылған. Уәкілетті органдардың тұрақты мониторингі барысында нарықтағы бағамен сатылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның 20 өңірінде жүргізілген мониторинг барысында қыркүйекте маусыммен салыстырғанда 34 пайыз дәрінің бағасы төмендегені (орта есеппен 7,8 пайызға) анықталған; қазанда 50 пайыз дәрінің бағасы төмендеген (орта есеппен 11,1 пайызға).

Мына дәрі түрлері айтарлықтай арзандаған:

  • Гепар комп. Хеель 41,2 пайызға;   
  • Ревмоксикам® 32,5 пайызға;
  • Цефяпс 31,6 пайызға;   
  • ВАЛМАК-Н 24,7 пайызға;    
  • Зитмак® 20 пайызға.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove