Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ел аумағында жел күшейеді, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі. Сонымен қатар, күндіз кейбір өңірлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.
Күндізгі ауа температурасы мынадай болады:
- елдің батысында 15-25 градустан 10-20 градусқа дейін төмендейді;
- солтүстікте 11-20 градустан 15-20 градусқа дейін жоғарылайды;
- шығыста 15-23 градустан 20-28 градусқа дейін ауытқиды;
- елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
