АҚШ, Иран және бірқатар өңірлік делдал елдер ықтимал 45 күндік атысты тоқтату келісімін талқылап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл бастама қақтығысты толық аяқтауға жол ашуы мүмкін, деп жазады Axios басылымы дереккөздерге сілтеме жасап.
Мәліметтерге сәйкес, келіссөздер Пәкістан, Мысыр және Түркия елдерінің делдалдығымен өтіп жатыр. Сонымен қатар, байланыс АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи арасында мәтіндік хабарламалар арқылы да жүргізіліп жатыр.
Алайда дереккөздердің айтуынша, алдағы 48 сағат ішінде ішінара келісімге қол жеткізу ықтималдығы төмен.
