Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: қазақстандықтар ашық сот талап етуде

Көркем Алдабергенова 24 нау. 2026 09:44

Алматыда үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасынан кейін әлеуметтік желілерде марқұмдардың жақындары эмоционалды жазбалар жариялай бастады. Туыстары мен достары әділ тергеу жүргізіп, соттың ашық өтуін талап етуде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған өліммен аяқталған жол апатына байланысты қоғамдағы резонанс күшейіп келеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған. Батыс бағытта келе жатқан Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-пен соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары істің ашық әрі әділ тергелуін, кінәлілердің жазалануын талап етуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove