Алтындарын сатып жіберген: Таразда әйел қарақшылық туралы жалған хабар берген

Ақтоты Жапатова 09 нау. 2026 12:25

Таразда әйел адам алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын сатып жіберген. Күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшылық шабуыл туралы оқиғаны ойдан шығарған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Полицияға жергілікті тұрғыннан өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

"Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытқан, қолдарын байлап, алтындары мен ақшасын алып кеткен. Ауыр қылмыс туралы хабарламадан соң шұғыл түрде іс-шаралар басталған. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеруді бастап, жедел қызметтер жұмылдырылды, тергеу және іздестіру іс-шаралары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Алайда көп ұзамай ешқандай шабуыл болмағаны анықталды.

Полицейлер анықтағандай, әйел адам күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшы туралы оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген.

Қылмыс туралы көрiнеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. Полиция жалған хабарлама жасау – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove