Атырау облысында жоғалған отбасы: күдіктілер Қазақстанға жеткізілді

Ақтоты Жапатова 09 нау. 2026 18:35

Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының өлімі бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұған дейін олар Индонезияда ұсталған болатын. Күдіктілер алдымен Малайзия арқылы жеткізіліп, кейін Алматыға әкелінді. Ал бүгін таңертең олар Атырау қаласына ұшып келді.

Қазіргі уақытта екеуі де қамауға алынған. Тергеушілер олардан жауап алып жатыр, іс бойынша тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, күдіктілер 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталған. Олар Жангелдин ауылында болған екі кісі өліміне қатысы болуы мүмкін. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл қылмыс алдын ала жоспарланған болуы ықтимал.

Күдіктілер ұсталған кезде Сұлтан Сәрсемәлиевтің жанынан ұялы телефондар, банк карталары және қаза тапқан отбасыға тиесілі болуы мүмкін құжаттар табылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove