Щучинск қаласындағы жарылыс: қаза тапқандар саны он бір адамға жетті

Ақтоты Жапатова 09 нау. 2026 13:43

Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде 27 ақпанда болған газ жарылысы мен кейінгі өрт салдарынан тағы екі адам көз жұмды. Осылайша, қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, 8 наурызда «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде ауыр жарақат алған науқас қайтыс болды, ал 9 наурызда Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан әйел пациент көз жұмды.

Жарылыстан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, мекеме иесін ұстап, тергеу басталған. Сонымен қатар, оқиғаны тергеп-тексеру үшін комиссия құрылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетіні хабарланды. Оқиға салдарынан өңірде қоғамдық тамақтану орындарындағы газ баллондарын тексеру күшейтілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove