Болашақ экопарк аумағында «Таза Қазақстан» акциясы: «Қызылтас-Тасбасқа» шатқалы жаңғырады

Ақтоты Жапатова 18 сәу. 2026 14:04

Табиғатты қорғау - жай ұран емес, нақты әрекет. Бүгін Талдықорған қаласындағы Қызылтас-Тасбақа шатқалы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, 250-ден астам көшет егілді. Игі іске 100-ден астам жетісулық белсенді атсалысты.

Экошараға қатысқан облыс орталығының тұрғыны Айгерім Сабыржанованың айтуынша, бұл күн ерекше әсерге толы болған:

«Осынша адамның бір мақсатпен жиналғанын көргенде, шынымен де жүрекке жылы тиеді. Біз тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, болашақ үшін еңбек еттік. Әр отырғызылған ағаш ертеңгі жасыл қала. Осындай бастамалар көбейсе екен деймін».

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Аталған аумақта экопарк ашу жоспарлануда. Жоба қаланың туристік әлеуетін арттырып, өңірдің дамуына жаңа серпін бермек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove