Тұрақты даму мақсаттарының іске асу барысы

Dalanews 26 қаң. 2024 05:15 611

БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз,экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегеніміз қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)-Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті  кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының өз үлесін қосуда.Кафедра тарапынан Тұрақты даму мақсаттарының 17 мақсаты түгелдей іс жүзінде атқарылуда.

Тұрақты даму мақсаттары-экономикалық өсудің және еңбек өнімділігін арттырудың, іскерлік ортаны жақсартуды,мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен бюджеттердің  өнімділігі мен тиімділігін арттыруды, құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғыртуды, білім беру және денсаулық сақтау сапасын арттыруды және әсіресе шалғай аудандарда аймақтық экономикалық дамуды қолдауды қамтиды, адамзаттың жаһандық мәселелерін, оның ішінде кедейлікпен, теңсіздікпен, климаттың өзгеруімен күрес, қоршаған ортаның нашарлауымен т.б. күресіп, көптеген бағыттағы мәселелерді шешеді.  Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 4-мақсат: «Барлығына сапалы білім» екенін ескере отыра білім алушыларға «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында білім беру жүйесін нығайтуда. Ұлттық жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Жобаны әзірлеу барысында қоғам өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен талқыланып, барлық мүдделі мемлекеттік органмен пысықталғаны бәрімізге белгілі. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық беделін арттыру мақсатында жасалған. Білім – ХХІ ғасырда негізгі капиталға айналды. Әлемнің дамыған елдері осы құндылыққа үлкен мән беріп, білім сапасына бұрынғыдан да жоғары деңгейде көңіл бөле бастағанын байқаймыз. Себебі сапалы білім – экономиканың дұрыс қалыптасуына, қоғамның кемелденуіне, елдің дамуына жол ­ашады. 

    Университеттің «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуы тиіс 100 кітап, «Салауатты өмір салты» жобаларымен және «90 жыл-90 іс-шара» шеңберінде, Тұрақты даму мақсаттарының 17 мақсатын байланыстыру аясында дөңгелек үстелдер.қайырымдылық акциялары,пікірталас сайыстары атқарылып жатыр. Жоғары білікті мамандарды дайындау мақсатында олардың білімділігін, ізденімпаздығын, жан-жақтылығын дамыту үшін өз елімізден және шетелдік әріптестерімізден берер тағылымы мол тұлғаларды шақырып, көшбасшылық дәрістер ұйымдастырылуда.Қорытындылай келе,БҰҰ 17 мақсаты өзара тығыз байланысты және біздің басқалардан қалыс қалмауымыз, 2030 жылға дейін соған жетуіміз бәрімізге ортақ мақсат екенін айтқымыз келеді.

 

Куаналиева Г.А

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі,з.ғ.д.,профессор

 

Яо Хуйлин

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

 

 

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар