Қанды теракт: Тоқаев Пәкістан халқына көңіл айтты

Самал Асқар 06 февр. 2026 20:40

Исламабадта жұма намазы кезінде мешітте жасалған теракт салдарынан кемінде 31 адам қаза тауып, 170-ке жуық адам жараланды, деп хабарлайды Dala News.

Пәкістан астанасындағы мешіттердің бірінде жанкешті лаңкес өзін ғимараттың кіреберісінде жарып жіберген. Полиция мәліметінше, күдіктіні мешітке кірер алдында тоқтатуға тырысқан, сол сәтте ол жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Құрбандар саны артуы мүмкін, жараланғандардың бірқатарының жағдайы ауыр.

Соңғы жылдары Пәкістанда экстремистік топтардың шабуылдары жиілеп, қауіпсіздік мәселесі ушығып отыр.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан басшылығына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф атына жолдаған жеделхатында Исламабадта болған террористік актіні қатаң айыптап, қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Президент Қазақстанның Пәкістан халқымен ынтымақта екенін атап өтіп, Пәкістан астанасы Исламабадта болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove