Талдықорғанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

Сағыныш Сардарова 05 февр. 2026 10:28

Талдықорғанда 21 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz 24.kz-ке сілтеп.

Сотталушылар қатарында Алматы және Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының және әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бар.

Олар шетелден әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан. Яғни ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымы төленді деп көрсетіп, жалған мәлімет енгізген. Осылайша күдіктілер 1385 техниканы рәсімдеген. Салдарынан мемлекетке 9 млрд теңге шығын келген.

270 томнан тұратын іс 4 ай бойы тергеп тексерілген.

"2 жылдан бастап 12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа және барынша төмен мекемелерінде өтейді. Бүгінгі таңда үкім заңды күшіне енбеген", - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove