Әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының мердігерлермен ағылшын тілінде сөйлескен видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кадрларда шаһар басшысы қаладағы бірқатар инфрақұрылымдық және құрылыс жобаларының таныстырылымымен танысып, жауапты мамандардан нысандардың дайындығы мен аяқталу мерзімі жөнінде сұрап жатқанын көруге болады. Видеода әкім жобалардың халықаралық терминалмен байланысы, VIP-аймақтың қашан пайдалануға берілетіні және құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі туралы сауал қойған.
Сондай-ақ таныстырылым барысында кей нысандардың мамыр айының ортасында аяқталатыны, алайда кей жобалар бойынша әлі де күту қажет екені айтылған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы әкімдігі Майлин көшесі 2026 жылы кешенді абаттандыру аясында жаңартылатынын мәлімдеген. Жоба Ахметов көшесінен Бұқтырма көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.
