Павлодарда әскери бөлімде атыс болды – бір адам қаза тапты, тағы бірі жараланды, деп хабарлайды Dalanews.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты, тағы бір әскери қызметші жарақат алған.
Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілуде.
Аталған дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, барлық мән-жай анықталуда. Істің барысы ІІМ бақылауында.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2001 жылы туған науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.
