Мұхтар Шаханов өмірден озды

Көркем Алдабергенова 19 сәу. 2026 22:37

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері әрі Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша қазақ еліне көңіл айтты.

Мұхтар Шаханов – поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген, биік деңгейдегі туындыларымен танылған бірегей тұлға болды.

Ол қазақ өлеңіне жаңа тыныс әкеліп, мазмұн мен пішін тұрғысынан тереңдік енгізді. Ақынның шығармалары ұлттық руханияттың маңызды бөлігіне айналды.

Сонымен қатар, ол қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қатып, ел тағдырына қатысты өткір пікір білдіріп, азаматтық позициясымен ерекшеленді.

Мұхтар Шахановтың қайсарлығы, өр мінезі және әділет жолындағы табандылығы халық жадында сақталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove