Белгілі журналист Диас Нұрақын Алматы облысы әкімдігіне қызметке тағайындалды. Ол облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің баспасөз хатшысы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Диас Нұрақын бұған дейін КТК телеарнасында еңбек еткен. Ақпарат саласында тәжірибесі мол журналист жаңа қызметінде өңірдің ресми ақпараттық саясатын үйлестіруге жауапты болады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы әкімдігінде баспасөз хатшысы қызметін атқарған Жанна Арынбекова өткен аптада қызметінен кеткен.
Жаңа тағайындау өңірдің ақпараттық кеңістігіндегі өзгерістердің бір көрінісі ретінде бағалануда.
