АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісіне қатысты файлдардан 300 танымал тұлғаның тізімін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди кәмелетке толмағандарды жыныстық қанауға қатысты айып тағылған қаржыгер Джеффри Эпштейн ісі бойынша материалдарда аталған 300 әйгілі адам мен саясаткердің аты-жөні көрсетілген тізімді жариялады. Тиісті хат АҚШ Конгресінің басшылығына жолданған, деп жазады The New York Post.

Бондидің айтуынша, осылайша 2025 жылғы 19 желтоқсанда белгіленген, Эпштейнге қатысты файлдарды көпшілікке жария ету жөніндегі соңғы мерзім толық сақталған.
Тізімге енгендер қатарында Билл Клинтон мен Хиллари Клинтон, Барак Обама мен Мишель Обама, Камала Харрис, Джо Байден, ханзада Гарри, Билл Гейтс, Вуди Аллен, Марк Цукерберг және Бейонсе бар.
2025 жылдың ақпан айында Бонди қаржыгерге қатысты құпиясыздандырылған файлдардың алғашқы бөлігін жариялаған болатын. Ашық шыққан материалдарда Эпштейннің жеке ұшағының борт журналдарының көшірмелері, мекенжай кітапшасы, айғақтар тізімі, сондай-ақ «массажистер тізімі» бар. Соңғы құжатта 254 есім көрсетілген, алайда сол кезде жәбірленушілердің құпиялылығын қорғау мақсатында барлық аты-жөндер қара бояумен жабылған еді.
