КХДР-де Украинада қаза тапқан сарбаздар отбасыларына тұрғын үй берілді

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2026 10:17

КХДР-де Украинадағы соғыста қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньян қаласында салынған тұрғын үй кешенінің салтанатты ашылуына қатысты. Аталған нысан Ресей мен Украина арасындағы соғыс барысында қаза тапқан солтүстіккореялық әскери қызметкерлердің отбасыларына арналып салынған.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, соңғы айларда КХДР билігі Украинадағы соғысқа Ресей тарапында қатысу үшін жіберілген әскерилерді дәріптеуге бағытталған насихатты күшейткен.

Ал Оңтүстік Корея Ұлттық барлау қызметінің бағалауынша, Ресей–Украина соғысы кезінде шамамен 6 мыңға жуық солтүстіккореялық әскери қызметкер қаза тапқан немесе түрлі жарақат алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove