"60 секундым қалды": Қарағанды облысында жоғалған бала табылды

Сағыныш Сардарова 02 сәу. 2026 12:33

Қарағанды облысында жоғалған 13 жастағы Рыс Бибарыс Бекнұрұлы аман-есен табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, мобильді топтар баланы Абай қаласынан 15 шақырым қашықтағы даладан тапқан, оған медициналық көмек қажет болмаған.

"Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кенті бағытына жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелі маңында балалар екіге бөлініп, екі жасөспірім үйлеріне өздері қайтқан. Туыстарының сөзінше, бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, бағдарынан адасып қалғанын айтқан", - деді ТЖД өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оның аудиохабарламасы тарады. Ол анасынан көмек сұрап, 60 секунды қалғанын айтқан еді. Ал Ішкі істер министрлігі баланы іздестіріп жатқанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove