Қарағандыда тарифтік әділетсіздік әшкереленді

Самал Асқар 03 сәу. 2026 16:20

Қарағандыда прокуратура 58 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қорғап, 100 млн теңгеге жуық қаражатты қайта есептеткізді, деп хабарлайды Dala News.

Қазыбек би ауданы прокуратурасы табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде «Теплотранзит» ЖШС 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымында сыртқы ауа температурасына байланысты тарифті қайта есептеу міндетін орындамағаны анықталған.

Заң талаптарына сәйкес, табиғи монополия субъектілері жылу энергиясының құнын нақты ауа райы жағдайына қарай қайта есептеуі тиіс.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін серіктестік 58 мыңнан астам тұтынушыға жалпы сомасы 100 млн теңге қаражатты қайта есептеген.

Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау және заң талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove