Павлодар облысында жаңа туған нәрестені сатпақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Dala News.
Полиция мәліметінше, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктіліктің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы балаға «сатып алушы» іздеген. Жедел шаралар барысында тәртіп сақшылары оның әрекетін бақылауға алып, қылмыстық ойды құжаттаған.
Әйел босанғаннан кейін үш күндік сәбиді ақшаға бермек болған сәтте ұсталған.
Құқық қорғау органдарының парқасында ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік туған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр, барлық мән-жай анықталуда.
Полиция балаларға қатысты кез келген сауда әрекеттері қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.
