Қырғызстанда АЭС құрылысы референдумға шығарылуы мүмкін. «Росатоммен» келіссөздер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қырғызстан билігі атом электр станциясын салу мәселесі бойынша Росатом мемлекеттік корпорациясымен келіссөздерді жалғастырып жатыр.
Министрлер кабинетінің төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиевтің айтуынша, қазіргі таңда тараптар инфрақұрылым қалыптастыру және кадр даярлау бағытында жұмыс істеуде.
«Тек осы кезеңдерден кейін ғана АЭС салу мәселесін қарастыруға болады», – деді ол.
Амангелдиев түпкілікті шешім азаматтардың қатысуымен қабылданатынын атап өтті. Осыған байланысты бұл мәселені референдумға шығару жоспарланып отыр.
Министрлер кабинеті атом энергетикасын дамыту елдегі энергия тапшылығын шешудің негізгі жолдарының бірі болуы мүмкін деп есептейді.
