АҚШ Иранның азаматтық нысандарына соққы жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
АҚШ Иранды «тас дәуіріне қайтару» туралы қоқан-лоққыдан кейін алғаш рет елдің азаматтық инфрақұрылымына соққы жасады. Америкалық әскери күштер Тегеран маңындағы көпірдің қиратылғанын мәлімдеп, бұл әрекетті қару-жарақ тасымалын тоқтатуға бағытталған әскери мақсатпен түсіндірді.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілдері ирандық әскерилер аталған көпірді Тегераннан елдің батысындағы ұшыру алаңдарына зымырандар мен олардың бөлшектерін жасырын жеткізу үшін пайдаланғанын алға тартты.
Ал Иранның мемлекеттік БАҚ-тары соққы салдарынан сегіз адам қаза тауып, 95 адамның жараланғанын хабарлады.
АҚШ Қорғаныс министрлігі өкілінің сөзінше, алдағы уақытта басқа да көпірлер соққы нысанасына айналуы мүмкін.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ирандағы ең ірі көпірдің қирағанын және енді пайдаланылмайтынын жазып, Тегеранды келісім жасауға шақырды. Бұған дейін ол соңғы екі-үш аптада АҚШ Иранға «өте күшті соққы» жасап жатқанын мәлімдеген.
