Бүгін - Тыныштық күні: қандай жағдайда айыппұл салынады?

Сағыныш Сардарова 14 нау. 2026 09:37

Қазақстанда 14 наурызда сағат 00:00-ден бастап референдум алдындағы тыныштық күні басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

15 наурызда елде жаңа Конституцияға қатысты референдум өтеді.

Заңға сәйкес кез келген дауыс берудің алдында бір тәулік бұрын тыныштық күні жарияланады. Бұл кезеңде дауысқа шығарылған мәселе бойынша қолдау не қарсылық мақсатта үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Тыныштық күні дауыс беруге бір тәулік қалғанда басталып, сайлау учаскелері жабылғанға дейін жалғасады.

Үгіт жүргізу тыйым салынған кезеңде заңды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл талап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабында көрсетілген.

Айыппұл мөлшері мынадай:

  • жеке тұлғаларға - 15 АЕК (55 380 теңге);
  • шағын бизнес субъектілеріне - 20 АЕК (73 840 теңге);
  • орта бизнес субъектілеріне - 25 АЕК (92 300 теңге);
  • ірі бизнес субъектілеріне - 35 АЕК (129 220 теңге).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove