Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар тәркіленді

Сағыныш Сардарова 14 нау. 2026 15:00

ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді. Оның ішінде 63-і - қылмыстық қару, ал 49-ы - Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару. Сонымен қатар, 2 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленген. 

6 наурызда Алматы облысында облыстық Полиция департаменті мен ҰҚК департаменті қызметкерлері Қонаев қаласының шетінде жасырын қойманы анықтаған. Онда Алматы қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған карабин тәркіленді.



11 наурызда Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылының маңында, Талас өзенінің жағасынан криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған аңшы мылтықтарын тапқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove