Семейлік оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Сағыныш Сардарова 14 нау. 2026 17:50

Семейлік оқушы Ерасыл Сайлауов наурыздағы ҰБТ-да 140 балл жинады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ерасыл Сайлауов - Абай облысы Бородулиха ауылының тумасы. Ол - Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің түлегі.

Ерасыл наурыздағы ҰБТ-да 140 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл көрсеткіш негізінде ағылшын тілі пәнінен 50 балдық конвертация жасалған.

"Ерасыл бос уақытының басым бөлігін кітап оқуға және шет тілдерін меңгеруге арнайды. Тіл үйренуге деген қызығушылығының нәтижесінде 10-сыныпта оқып жүрген кезінде IELTS халықаралық емтиханын тапсырған. Сонымен қатар, волейбол спортымен тұрақты түрде айналысады. Ерасылдың негізгі мақсаты - нағыз ҰБТ-да дәл осы нәтижені қайталап, 140 балл иегері атану және "Дипломатия" мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантына ие болу", - деп жазылған Оқу-ағарту министрлігі хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove