Қазақстандық альпинистер Альпідегі Эйгер тауының "Өлім қабырғасын" бағындырды

Сағыныш Сардарова 14 нау. 2026 13:00

Қазақстандық JASA TEAM командасының мүшелері Омар Әсербеков пен Григорий Щукин Альпідегі ең күрделі классикалық бағыттардың бірін бағындырған алғашқы қазақстандықтар атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олар Берн Альпілеріндегі Эйгер шыңына (3 970 м) Хекмайердің классикалық бағыты арқылы көтерілді. Бұл - әлемдік альпинизмдегі ең әйгілі әрі техникалық жағынан күрделі бағыттардың бірі. 1935 жылдан бері мұнда 60-тан аса адам қаза тапқан.

Шыңға көтерілу екі жарым күнге созылған. Олар үшінші күні аман-есен төменге түскен.

Айта кетейік, Эйгер атауы неміс тілінен аударғанда "адам жегіш" деген мағынаны білдіреді. Оның солтүстік қабырғасында 1935 жылдан бері кемінде 64 альпинист қаза тапқан. ХХ ғасырда баспасөзде бұл бағыт "Өлім қабырғасы" деген атпен кеңінен танылды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove