КазТАГ басшысы топтық шабуылдан зардап шекті

Самал Асқар 18 нау. 2026 17:09

Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің бас директоры Асет Матаевқа белгісіз адамдар шабуыл жасап, ауыр жарақат салған, деп хабарлайды Dala News.

Адвокат Рена Керимованың айтуынша, оқиға түнде Достық даңғылы маңында болған. Матаев досымен бірге бардан шыққан кезде бірнеше адаммен жанжал туындаған.

«Асет Матаевтың айтуынша, оған бейтаныс 5-6 адам (арасында қыздар да болған) шабуыл жасап, оны және досын соққыға жыққан», – деді адвокат.

Оның сөзінше, оқиға салдарынан Матаев ауыр жарақат алған.

«Асетке басынан ашық жарақат салынған, маңдай сүйегінің алдыңғы және төменгі қабырғасы сынған, жағдайы өте ауыр», – деді Керимова.

Қазіргі таңда ол сот-медициналық сараптамадан өткен. Сонымен қатар, Матаевтың өзі бұзақылық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

Адвокаттың мәліметінше, қорғаушылар оған құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove