Бокаев ісі: Базарбек асығыс шешімге қарсы шықты

Самал Асқар 18 нау. 2026 15:41

Мәжіліс отырысынан кейін депутат Бақытжан Базарбек қоғамдық белсенді Санжар Бокаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dala News.

Оның айтуынша, бұл ақпаратты ол пленарлық отырыс кезінде ғана естіген және істің мән-жайымен толық таныспаған.

«Мен бұл туралы енді ғана естідім. Мен заңгермін, бірақ құжаттарды көрген жоқпын, қазір тергеу жүріп жатыр. Санжардың адвокаты бар. Адвокаттар мен прокуратура тергеуді аяқтап, дәлелдерін ұсынсын. Қазір нақты неге негізделгенін білмейміз», - деді Базарбек.

Депутат Бокаевпен жеке таныс екенін де айтты, алайда істі бірден саяси қудалау деп бағалауға қарсы екенін жеткізді.

«Санжардың қоғамдағы рөлі ерекше. Ол өзекті мәселелерді көтерді, оның жұмысының арқасында кейбір заңбұзушылықтар ашылды. Біз байланыста болдық, екі рет кездесіп, сұхбат бергенмін. Бірақ қандай жағдай болса да, тергеудің аяқталғанын күту керек. Алдымен прокурорлардың айыптау актісін көру қажет, содан кейін ғана қорытынды жасауға болады. Асығыс шешім қабылдауға болмайды», - деді депутат. 

Базарбек барлық тараптың дәлелдері ұсынылғаннан кейін ғана әділ баға беру қажет екенін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove