Қазақстанда бірқатар дәрі-дәрмектің бағасы 25%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
Ведомствоның дерегінше, шамамен 5 мыңға жуық дәрілік затқа шекті баға бекітілген. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі, инфекциялық және өзге де кең таралған ауруларды емдеуге арналған препараттардың құны реттелген.
Белгіленген шекті бағадан асыру фактілері анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал тұрғындар дәрі бағасының негізсіз өскенін байқаса, DariKZ мобильді қосымшасы арқылы шағым жолдай алады.
