Қазақстанда тағы 6 ақылы жол пайда болады

Самал Асқар 22 сәу. 2026 14:10

Қазақстанда биыл қосымша 6 ақылы жол учаскесін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dala News.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәліметінше, қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол жұмыс істеп тұр.

Оның айтуынша, жаңа енгізілген нормаларға сәйкес, жолда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысы уақытша тоқтатылады. Қазірдің өзінде 15 учаскеде жарықтар мен түрлі ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ спикер биылғы су тасқыны кезеңі жол қызметтері үшін сәтті өткенін атап өтті. Алдын ала дайындықтың арқасында 2026 жылы республикалық жолдарда небәрі 5 су басу фактісі тіркелген. Бұл екі жыл бұрынғы 178 жағдаймен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 1000 бірлік техника мен 1900 қызметкер жұмылдырылған. Сонымен қатар шамамен 15 мың суөткізгіш құбыр тазартылып, 86 мың текше метр инертті материал дайындалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove