Ресейде қазақстандық рэпер Ганвестке айыппұл салынып, тексеріс басталды

Көркем Алдабергенова 30 нау. 2026 17:00

Ресейлік рэпер Ганвест (шын аты – Руслан Гоминов) иноагент ретінде танылуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша Ресей Әділет министрлігіне Екатерина Мизулина жүгінген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен қатар, музыкант «Вика любит пэпэ 2» әні үшін 95 мың рубль көлемінде айыппұл төлеген.

Рэпердің шығармашылығы бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарын аударған. Алғаш рет оған тыйым салынған заттарды насихаттады деген айыппен әкімшілік жаза тағайындалса, бұл жолы қоғамды қорлады деген негізбен айыппұл салынған.

Екатерина Мизулинаның айтуынша, Ганвестті шетелдік агент ретінде тану мәселесі бойынша тексеріс басталып кеткен.

Бұған дейін рэпер шамамен 25 әнін өзгертуге дайын екенін мәлімдеген. Оның ішінде 12 әніне түзету енгізіп, кей бөліктерін жапқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove