Қазақстанда депозит бойынша табыс төмендеуі мүмкін

Сағыныш Сардарова 30 нау. 2026 18:15

Қазақстанда депозит мөлшерлемесі біртіндеп төмендеп жатыр. Бұл өзгеріс Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген болжамға байланысты болып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алғашқы өзгерістер қазірдің өзінде байқалады. Freedom Bank мөлшерлемені аздап төмендетсе, Halyk Bank үш айлық депозит бойынша табысты 20%-дан 19,5%-ға түсірді.

Соған қарамастан, нарықта әлі де жоғары ұсыныстар бар. Мысалы, BNK Bank 20,5% ұсынса, Kaspi.kz, ЦентрКредит банк, ForteBank, Еуразиялық банк, Bereke Bank және Home Credit Bank қысқа мерзімді депозиттерге шамамен 20% береді.

Ал Altyn Bank, KMF Банк, Нұрбанк және Zaman Bank секілді қаржы ұйымдары да 17,5%-дан 20%-ға дейінгі аралықта түрлі мерзімге мөлшерлеме ұсынып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі көрсеткіштер ең жоғары деңгейге жақын. Базалық мөлшерлеме төмендесе, жаңа депозиттер бойынша табыс та азаюы мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove