Қазақстанда AIRAN жобасы жұмысын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Айран медиа" 13 наурыздан бері контент жариялауды тоқтатқан еді. Команда осы уақыт ішінде жағдайды реттеуге тырысқанымен, нәтиже болмаған.
Бүгін жоба жетекшісі ресми мәлімдеме жасап, жұмысты жалғастыру мүмкін емес екенін айтты. Оның сөзінше, команда өз ұстанымынан таймауға тырысқан, алайда қазіргі жағдай оған мүмкіндік бермеген. Сонымен қатар, ол бұл шешімге қандай да бір оқиға себеп болмағанын атап өтті.
Команда көрерменге, әсіресе, қиын сәтте қолдау білдірген жандарға алғыс айтты. AIRAN MEDIA өкілдерінің айтуынша, аудитория тарапынан бұл жағдайға қатысты түрлі пікір болған: бірі алаңдаса, енді бірі жоба жабылғанына қуана қараған.
Жоба өкілдері әртүрлі көзқарас болуы қоғам үшін заңды құбылыс екенін де жеткізді.