АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ушаковтың айтуынша, екі ел басшысы халықаралық жағдайға байланысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылаған.
"Бүгін кешке Ресей мен АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесті. Дональд Трамп Владимир Владимирович Путинге қоңырау шалып, халықаралық ахуалдың қазіргі дамуына қатысты бірқатар маңызды тақырыптарды талқылады", – деп оның сөзін «Интерфакс» агенттігі келтіреді.
Ушаковтың мәліметінше, әңгіменің негізгі бөлігі Иран төңірегіндегі қақтығыс жағдайына және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан Украина мәселесін реттеу жөніндегі үшжақты келіссөздерге арналды.
Әңгіме шамамен бір сағатқа созылған.
