Әлемдік нарықта мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді. Ақпараттарға сүйенсек, баррелі 84 долларға түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Баға түнгі сауда барысында тіркелген ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайыздан астам арзандаған.
Қазіргі уақытта мұнай нарығындағы жағдай тұрақсыз. Мамандар алдағы кезеңде бағаның өзгеруі халықаралық экономикалық және саяси факторларға байланысты болатынын айтты.
