Иранда мұнай инфрақұрылымына жасалған соққылардан кейін күрделі экологиялық жағдай туындады. Ол басқа аймақтарға да әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шабуылдар салдарынан мұнай өңдеу зауыттары мен ірі отын сақтау қоймалары зақымданған. Жарылыстар мен өрттерден кейін атмосфераға көп мөлшерде улы әрі қауіпті химиялық заттар тараған.
Мұнай өңдеу зауыттарында шикі мұнай түрлі отын және мұнай өнімдері ретінде өңделеді: бензин, дизель отыны, керосин, мазут және басқа да заттар. Өңдеу барысында көптеген химиялық қосылыс қолданылады, сондықтан мұндай нысандар зақымданған жағдайда атмосфераға зиян заттар таралуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша соққы жасалған аймақтардың үстінде құрамында улы химиялық қосылыстар бар ірі бұлт пайда болған. Бұл заттар ауадағы ылғалмен әрекеттесіп, қышқыл жауын-шашын түзілуіне себеп болуы мүмкін. Иранның кейбір өңірлерінде жергілікті тұрғындар ерекше қара түсті жауын-шашын және ауада қатты химиялық иіс сезілгенін айтқан.
Қазір мамандар пайда болған бұлттың қозғалысын бақылап жатыр. Алдын ала бағалаулар бойынша ауа ағындары оны Орталық Азия елдері мен Қытай бағытына қарай алып кетуі мүмкін. Оның әсеріне ұшырау мүмкін аймаққа Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан кіруі мүмкін, алайда нақты салдары мен улы заттардың концентрациясы әзірге белгісіз.
Экологтардың айтуынша, жағдай қалай өрбитіні ауа райына, желдің бағыты мен күшіне, сондай-ақ, бұлттың қандай биікте таралуына байланысты болады. Алдағы күндері де мамандар жағдайды және ауа ағындарының өзгерісін бақылай бермек.
