Грузиядан 7 жастағы қыз бала елге қайтарылды

Сағыныш Сардарова 10 нау. 2026 12:35

Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстанның Грузиядағы елшілігі 7 жастағы қыз баланы қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, баланы елге қайтару шаралары алты ай бойы жүргізілген.

"Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылды. Қажет құжаттар рәсімделіп, барлық рәсім заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды. Қазір қыз бала қауіпсіз жағдайда, оған психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылады", - деді министрлік өкілдері.

Баланың құқығын, қауіпсіздігін қорғау мақсатында оның жеке дерегі, оқиғаға қатысты өзге де мәлімет жария етілмеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove