Алматыда оқушы мектепке балтамен келген

Сағыныш Сардарова 24 сәу. 2026 16:18

Алматыда оқушы мектепке балтамен келген. Алдын ала мәліметке сәйкес мұндай әрекетке ол әлеуметтік желі арқылы берілген нұсқау әсерінен барған. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға нақты қай мектепте болғаны әзірге жарияланған жоқ. Дереккөз мәліметінше, жағдай қаладағы Жетісу ауданында тіркелген.

Полицияның сөзінше, кәмелетке толмаған қыз интернеттен алған тапсырмалардың ықпалымен заңға қайшы әрекет жасауға дайындалған. Алайда құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында бұл әрекеттің алдын алу мүмкін болған.

Қазір тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, жасөспірімді заңсыз әрекетке итермелеуі мүмкін адамдар анықталып жатыр.

Сонымен қатар, қыздың заңды өкілдеріне қатысты бала тәрбиесіне салғырт қарау дерегі бойынша іс қозғалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove