Теміртауда балабақша тәрбиешісі балаға қатыгездік көрсетті деген күдікке ілінді

Самал Асқар 24 сәу. 2026 18:23

Теміртау қаласында балабақша тәрбиешісінің балаға қатыгездік көрсеткені туралы дерек анықталды, деп хабарлайды Dala News.

Полиция мәліметінше, бұл факт әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында белгілі болған. Аталған оқиға бойынша ата-аналардан арыз түспеген.

Тексеру кезінде 36 жастағы тәрбиеші анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша «кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау, оған қатыгездікпен қараумен ұштасқан» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove