ҚМДБ Imam AI жүйесін іске қоспақ

Сағыныш Сардарова 24 сәу. 2026 15:10

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Imam AI жүйесін іске қоспақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚМДБ цифрлық даму бөлімінің меңгерішісі Тимур Серікқанұлы Имам AI жобасын таныстырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни-ағартушылық бағытта тиімді пайдалану жолдарына тоқталды. Бұл жоба бойынша заманауи технологияларды қолдану арқылы жамағатқа жедел әрі сапалы ақпарат ұсыну, сұрақтарға жедел жауап беру көзделеді.

Бөлім меңгерушісінің айтуынша, Imam AI құралын іске қосу мәселелері нақты айқындалып, жобаны жүзеге асыру кезеңдері белгіленген.

Сонымен қатар, Imam AI жүйесін пилоттық негізде іске қосу биыл мамырдың басына жоспарланып отыр.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауапты бөлімдерге жобаны сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove